Жаңалық
Алматыда бірыңғай оқушы картасы енгізіледі
![](/storage/storage/element/2021/11/27/mainphoto/H0r2meeetno49eDr39TzjoP3MDKwcIjwLJJ22tGe.jpg?time=1700825497)
Алматы қаласының білім басқармасы бірыңғай оқушы картасын енгізуді жоспарлап отыр.
«Бұл карта мектепке кіру мен шығуды, мектеп асханаларында тамақтану және қоғамдық көліктерде жолақысын (мобильді қосымша арқылы) есепке алуға мүмкіндігін бермек», – деп атап өтті білім басқармасы.
Қаладағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының оқушыларын түгелдей бірыңғай картамен қамту жоспарда. Бүгінгі күні Алматыда 200-ден астам мектеп бар.
«Бұл жоба 2019 жылы сынақтан өтті, оны эпидемиологиялық ахуал жақсарып, мектеп асханалары ашылған кезде іске қосу жоспарланып отыр», – деп хабарлады басқармадағылар.
Айта кетейік, пилоттық жоба 2019 жылдың желтоқсанынан 2020 жылдың ақпанына дейін №92 мамандандырылған лицейінде сәтті жүзеге асырылды.