Алматыда «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» тақырыбында әдеби квест байқауы өтті
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығының ұйымдастырумен «Көрнекті тұлғалардың мұрасы» атты әдеби квест байқауы өтті.

Байқауға Алматы қаласының жалпы білім беру ұйымдарынан 30-дан астам өтініш түсіп, арасынан 5 үздік команда іріктеліп алынды.
Қазылар алқасының қатарында сарапшы, жоғары санаттағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Майра Маликқызы, қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Рапилова, танымал журналист Аружан Танабекқызы, белгілі отандық кино актеры Дәулет Үсербай мен актриса Индира Сабирова болды.
Білім мен жылдамдықты талап ететін квест-ойын форматындағы байқауда оқушылар өз білім деңгейлерін дұрыс шешім қабылдау, логикалық ойлау және жылдамдық қасиеттері арқылы көрсете білді.
Конкурс қорытындысы бойынша l орынды Абай атындағы РММИ, ll орынды Д. Бабаев атындағы №115 мектеп, lll орынды №166 Лицей оқушыларының командалары жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздарына арнайы дипломдар, ақшалай сыйлықтар және арнайы алғыс хаттар табысталды.