Алматыда КВИ-мен күрескен дәрігерлерге ескерткіш қойылады
КВИ-мен күрескен дәрігерлерге қойылатын монументтің орнына тасты орнату рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты деп хабарлайды Ruh.kz порталы шаһар басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның оңтүстік астанасында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жанындағы аллеяда жаңа ескерткіш пайда болады. Монумент КВИ-мен күрескен дәрігерлердің құрметіне қойылмақ.
Монументтің орнына тасты орнату рәсіміне қатысқан Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы аккаунтында ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті.
«Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған ескерткіштің негізіне тас орнаттық. Ескерткіш КВИ пандемиясымен күрескен барлық медицина қызметкерлеріне көрсетілген құрмет пен алғыстың белгісі. Сондай-ақ олардың құрметіне қарағай аллеясы отырғызылды», – деп жазды Алматы әкімі Б. Сағынтаев.
Шараға, сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұ. Есдәулет, Алматыдағы ҚХА-сы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А. Шардинов, ақын А. Елгезек, №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігері Ж. Шерияздан қатысты.