Жаңалық

Алматыда қуыршақтар шеруі өтті

Фото: видеодан кадр

Алматыда қала күніне орай Абай алаңы мен Тұңғыш президент саябағында қуыршақтар шеруі өтті. Ертегі кейіпкерлері тұрғындар мен қонақтарға ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды Ruh.kz.   

Мереке аясында Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының бойтұмары болып табылатын «Қуыршақ думан» атты ерекше концерттік қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Қойылымда Роза Бағланова, Майкл Джексон және Фаррух Закиров сынды танымал тұлғалардың бейнесіндегі қуыршақтар өнер көрсетіп, халықты тамсандырды. Сонымен қатар  негізгі мерекелік орындарда қуыршақ жасау шеберлерінің қатысуымен «Өнер бесігі – Алматы» атты қуыршақ жасау және басқару бойынша танымдық шеберлік сағаттар өткізілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button