Жаңалық «Рухани жаңғыру» аймақтарда

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылды

Биыл, аты аңызға айналған ән әлемінің саңлағы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойы атап өтілуде.

Өз дәуірінің айнасы, дара талант иесі өмірден өзі озғанымен, оның мұрасы ел тарихында мәңгілікке сақталады.

Артында өшпес із қалдырған, халықтың сүйікті күміс көмей әншісі Роза Бағланованың Ұлы есімін ұлықтау мақсатында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы алдында ескерткіші орнатылды. Биіктігі 4,8 метрді құрайтын ескерткіш қола мен граниттен жасалған. Мүсін авторлары – Д.Ағзамов, У.Ақжолтай, А.Жамхан, А.Қабыл.

Ескерткіштің салтанатты ашылуына қала әкімі Ерболат Досаев, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Еңбек Ері Әлібек Дінішев, Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, мәдениет қайраткері Қуаныш Әбдіқалымов, филолог әрі ақын Аққұштап Бақтыгереева, әншінің туғандары мен жақындары қатысты.

Ескерткіштің салтанатты ашылуынан кейін республика сарайында «Ақмаңдайлым» атты мерекелік концерті өтіп, танымал қазақстандық әртістер әншінің репертуарындағы әндерді орындады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button