Жаңалық

Алматыда "Суасты мәдени мұрасы" фотокөрмесі ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейімен бірлесіп "Суасты мәдени мұрасы" фотокөрмесін ашты, деп хабарлайды Ruh.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау мен зерттеуде музейлер басты рөл атқарады. Қазақстан Республикасының Орталық музейі еліміздің жетекші мекемесі ретінде Қазақстанның ғана емес, дүниежүзілік тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтауға, зерттеуге және насихаттауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыруда.

Бүгін біз халықтың, музейге келушілердің, әсіресе жастардың назарын жалпы мәдени мұраны қорғау мәселелеріне аударғымыз келеді. Мәдени мұраны бірлесіп зерделеу және қорғау – бұл біздің адамдар санасында бейбітшілік орнату жолындағы қадамымыз! – деді Алматыдағы ЮНЕСКО Өңірлік кеңсесінің директоры Амир Пирич.

Орталық музей қала қонақтары мен тұрғындарын суасты мәдени құндылықтарын көрсететін бірегей көрмені тамашалауға шақырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button