Жаңалық
Алматыда танымал қазақстандық мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық белгілі мүсінші Шоқан Төлештің «АСПАН» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.
Көрмеде заманауи мүсіншінің 90-нан аса мүсіндік, графикалық және кескіндемелік туындылары ұсынылған.
Шоқан Төлештің мүсіндік туындылары күрделі пластикалық форманы білдіреді. Суретші Төлештің шығармашылығында ең бастысы — идея. Ол ойындағы идеясын жүзеге асыруда қола мен алюминийді дәнекерлеусіз әдіспен біріктіріп, ерекше мүсіндер жасайды.
Көрме 2024 жылдың 3 қарашасына дейін жалғасады.