Жаңалық

Алматыда «Ұлы дала ойыны» фотокөрмесі ашылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің Орталық көрме залында қазақтың ұлттық спорты көкпарға арналған «Ұлы дала ойыны» атты бірегей фотокөрме өтуде, деп хабарлайды Ruh.kz.

Осы мәдени іс-шара аясында көрермен экспозиция авторы Никита Басов түсірген суреттер арқылы қазақ ұлттық спортының тарихымен танысады.

Көрменің мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау әрі насихаттау, көкпардың спорттық және мәдени құбылыс ретіндегі ерекшелігін көрсету.

«Ұлы дала ойыны» экспозициясында 80-ге жуық жұмыс қойылған. Бұл туындылар – өткенді бүгінмен байланыстыратын мәдени көпір.

Сонымен қатар көрмедегі фотосуреттер «Көкпар» ойынының жылдам әрі тартысты екенін суреттеп, қазақ ұлттық мұрасының ұлылығын көрсетеді.

Экспозиция 2025 жылдың 30 наурызына дейін жалғасады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button