Алматыда жастарға арналған комьюнити орталықтар ашылуда
Биыл Алматыда әр ауданда 16-ға дейін комьюнити орталық ашылу жоспарланған, деп хабарлайды Ruh.kz.
Бұл орталықтар жастарға психологиялық және заңгерлік көмек, жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, қаржылық сауаттылықты арттыру, тілдік курстар секілді қызметтер ұсынады. Сонымен қатар, білім беру, мәдени іс-шаралар, би залдары, дыбыс жазу студиялары мен TikTok аймақтары жұмыс істейді.
Өткен жылы 1,7 мыңнан астам шара өткізіліп, 380 мыңнан астам жас қамтылды. 12 мыңнан астам адам кеңес алды, оның ішінде 4,7 мыңы жұмысқа орналастырылғаны мәлім болды.
Комьюнити орталықтарда экологиялық құндылықтарды қалыптастыру үшін пластик пен алюминий қалдықтарын жинауға арналған фандоматтар орнатылды. Орталықтар жастардың идеяларын іске асырып, белсенділігін арттыруға ықпал етеді деп күтіліп отыр.
Жоба «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» аясында іске асырылған.