Жаңалық

Алматыдағы құсбегілер байқауында 13 жасар бүркітші жеңіске жетті

Алматы облысының атынан қатысқан Бексұлтан Сейтжан   барлық кезеңдер бойныша үң көп ұпай жинап бүркітшілер арасында бірінші орынды жеңіп алды.

Алматы қаласының ипподромында ұлттық спорт түрінен «Қыран-2018» атты құсбегілердің республикалық турнирі аяқталды.

«Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен бұл жарысқа Қазақстанның 10 аймағынан келген 60-қа жуық саятшылар үш күн бойы өзара мықтыны анықтады.

Жарысқа қатысушылар бірінші іріктеу кезеңінде көрермендерге құсты ат үстінен қолға қондыру, шырға тарту сияқты өнерлерін көрестті. Ал, келесі кезеңге өткен бүркіттер қоян мен түлкіге шапса, қаршыға мен ителгілер қолға шақырылып, көгершін аулады.

Бұл керемет көрінісітін куәгері боламын деп келгендердің қарасы мол болды. Жарыс қорытындысы бойынша, ең жоғары ұпай жинаған 13-жасар бүркітші Бексұлтан Сейтжан бірінші орын алып, 200 мың теңгеге ие болды, ал, екінші болып алматылық Ғабит Таңат (150 мың. теңге) тұрақталса, үшінші орынға Мұратхан Даулетхан (100 мың.теңге) ие болды. 4, 5, 6-ші орындарды өзара Арманбек Күнтуған, Бақдаулет Бабажан, Алмас Сейтжан бөлісіп, ақшалай сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, жүлдегерлер дипломдармен марапатталды.

«Бұл жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Әрине, оңай болған жоқ. Бірінші орынды кез келген қыран құсы ала бермейді ғой. Сол үшін мен өзімнің құсым «Хантәңірге» алғыс айтамын. Мен бұл құсты баптап жүргеніме 5 жыл болды. Қазір өзім 13-темін, алдағы уақытта да басқа турнирлерде бағымды сынап көрмекпін», – деді турнирдің жеңімпазы Бекасыл Сейтжан.

Бұдан басқа, бүркіттерден бөлек, саятқа қаршыға мен итергі құстары да шығып, көгершіндерді аулаған болатын. Бұл жерде: Дәурен Аршабай, Арай Серікбаева, Сұлтан Сейтжанбек (Қаршыға) және Медет Шәліпов, Берікболсын Бабажан, Нұрбақыт Бәкен (Сұңкар) жүлдегер атанды. Олардың қатарында ең жас қатысушы ретінде арнайы сыйлыққа Алғазиз Ғалымбекұлы мен Ерсұлтан Жұмағұл (екеуіде Алматы облысы) ие болды.

Айта кетер жайт, бұл жарыс Алматыда алғаш рет 1988 жылы көршілес қырғыз, түркімен елдерінің қатысуымен өткен болатын. Осы жолы бұл іс-шара Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Қыран» Федерациясының қолдауымен өткізілді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button