Алмаз Ибрагимов: «Мұны да еңсереміз!»
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысатыны туралы Нұр-Сұлтандық дәрігер-репродуктолог Алмаз Ибрагимов тіпті білмеген. «Медицина» аталымында жоба жеңімпаздары қатарына енгені туралы естігенде қатты таң қалған. Шындығында, бұған таң қалудың қажеті жоқ, Алмаз Ибрагимов сынды жоғары дәрежелі маманның арқасында біздің елімізде күніне жүздеген отбасы бала сүю бақытына кенелуде.
Алмаз Құрманәліұлы «Экомед» адам репродукциясы клиникасының медициналық директоры, Қарағанды мемлекеттік медицина университетін бітірген. 2005-2007 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша И.М. Сеченов атындағы Мәскеу медициналық академиясының клиникалық ординатурасында оқыды. Бала кезінен болашағы медицинамен байланысты болатынын білген. Бес балалы отбасыда өскен ол біреуі сырқаттанып қалса, болашақта жақсы дәрігер боламын деп армандаған.
2005 жылы Алмаз Ибрагимов «Қазақстан Республикасы медициналық ЖОО-ның 2005 жылғы түлектерінің ішіндегі үздігі» республикалық байқауында топ жарады. Бұл алдағы даңғыл жолдың бастамасы болды. Бүгінде Алмаз Құрманәліұлы репродуктология саласындағы танымал әрі мықты дәрігердің бірі. Күн сайын клиниканың тек елордадағы филиалында 1-2 сәби дүние есігін ашады. Жылына «Экомедте» бір жарым мың циклді жасанды ұрықтандыру жүзеге асырылады.
«Білікті дәрігер болуды бала кезден армандадым және күн сайын өз тәжірибемді жетілдіріп отырамын. Босану залынан хат келген сәтте өзімді өте бақытты сезінемін. Аналар мен әкелер дүниеге сәби келген сәттегі сезімдерімен бөлісіп, хат жазады. Біз адамдардың осынау асқақ армандарының орындалуына ат салысып жатқанымызға шексіз бақыттымыз», – дейді Алмаз Ибрагимов.
Танымал қазақстандық ғалым, дәрігер Салтанат Байқошқарова жетекшілік ететін «Экомед» клиникасының және Алмаз Ибрагимовтың басты жетістігі – әйел денесіне үлкен гормоналды жүктемелерді болдырмайтын шағын ынталандыру әдісі. Жүктілікке табиғиға жақын жағдайларда қол жеткізуге болады. Жасанды тыныстандырусыз жұмыртқа жасушаларын алу, оларды ұрықтандыру және аз ғана қаражат жұмсап күрделі бағдарламалар арқылы қол жеткізетін жетістіктірге жету – үлкен табыс. Қазіргі уақытта Алмаз Ибрагимов қатерлі ісік дертіне шалдыққандардың ұрықтандыру қабілетін сақтау мәселесімен айналысуда.
«Сәулелендіру және химиотерапия көбінесе адамның репродуктивті қызметіне кері әсерін тигізетіні белгілі. Болашақта ерлерде де, әйелдерде де ұрық жасушалары жетіспеуі мүмкін. Мұндай жағдайда нақты консервация немесе жасушаларды қатыру көмекке келеді – сауыққаннан кейін адамдар өздерінің генетикалық материалдарын балалы болу үшін қолдана алады», – деп атап өтті дәрігер Ибрагимов.
Алмаз Құрманәліұлына тек қазақстандықтар ғана емес, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Ресейден, Германиядан, Ұлыбританиядан, АҚШ-тан тіпті Африка елдерінен келетін науқастар бар. Мамандардың жоғары біліктілігінен өзге Қазақстандағы ЭКҰ бағдарламасының АҚШ пен Еуропадан қарағанда қолжетімді сомада болуы да рөл ойнайды.
Алмаз Ибрагимовтың басты ойға алғаны – науқастарға қаржылық жүктемені азайту, бедеулік мәселесін әйелдің денсаулығына кері әсерін тигізбейтін жолдармен шешу. Өзіне келушілер үшін ол тәулік бойы қызметте. Жұмысы тығыз болса да, бірде-бір қоңырау мен хат-хабарды елеусіз қалдырмайды.
Бүгінгі таңда, бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы белсенді күрес жүріп жатқан кезде дәрігер Ибрагимов барлық қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің барлық ұсыныстарын қатаң орындауға шақырады: қолдары мен беттерін сабынмен жуып, антисептиктерді қолдану және мүмкін болса үйден шықпау.
«Бүгінде бүкіл әлем нақты қауіп-қатермен бетпе-бет келді. Бұл адамзаттың жаңа тарихындағы бұрын-соңды болмаған оқиға, кезінде фильмде көрген оқиғалардың өмірде орын алғаны іспетті. Мұның маңызды болғаны сонша әр азамат саналы түрде өзі мен өзінің жақындарының денсаулығы үшін жоғары жауапкершілік танытуға міндетті. Біз, дәрігерлер, жақын арада бұл қиындықты да еңсереміз деп сенеміз. Бірақ мұны тек бірге істей аламыз!», – деп атап өтті Алмаз Ибрагимов.
25 ғылыми жұмыстың авторы, ол үнемі өз жұмысының сапасын арттыруға тырысады, әлемнің жетекші клиникаларында үнемі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, халықаралық конгрестерге қатысады және баяндамалар жасайды, әріптестерінің арасында жоғары беделге ие, бар білімімен жас әріптестерінің арасында бөліседі және елордадағы медицина академиясы резидентурасының студенттерін оқытады.
«Маған жоба барысында дауыс берген бар жанға алғысымды білдіремін. «Қазақстанның жүз жаңа есімі», бұл жағымды әрі жауапкершілігі мол жоба. Енді бұл жауапкершілік жүз есе өсті. Менің арманым мен мақсатым – бір. Бар адам баласы әке, ана атану бақытын сезіну құрметіне ие. Менің бақытым – маған келген әр жанның «Сіздің балаңыз болады!» деген сөйлемді естуі».