Жаңалық Редакция таңдауы

Алып анадан туады

Тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі – Аналардың алдында бәріміз қарыздармыз!

Өйткені қазақ ұлтының мәңгілік тілекшісі де аналар. Қазақтың басына төнген небір зұлмат замандарда көбіне ұлтты сақтаған қазақ әйелдері екенін есте сақтағанымыз жөн.

Еліміздегі белгілі пікір-талас алаңы – «Азаматтық алаң» отырысы. Аталмыш жоба Қазақстан Республикасы Ақпараттық және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асуда. «Алып анадан туады» тақырыбындағы кезекті бас қосуды «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ қарамағындағы «Ruh.kz» порталы ұйымдастырады. Спикерлер мен қатысушылардың қатарында түрлі сала өкілдері, журналистер мен блогерлер бар.

Аналар отбасының береке-бірлігін ғана сақтап қойған жоқ, қолына қылыш, найза алып, жауға да шапты. Тарихтағы батыр аналарымыз – Бопай, Гаухар аналарымыздың ерлігі, Нұрилә, Данабике, Қарашаш аналарымыздың дана болмысы осының куәсі.

Белгілі ғалым, профессор Мекемтас Мырзахметов өзін анасы аштықтан қалай алып қалғандығы туралы аңыз ғып айтып жүр. Жалғыз ұлын аман алып қалу үшін ана жыртқыштың аузына қызын қалдырған. Қызын құрбандыққа шалу арқылы ұлын сақтаған Ананың ойы да осы. Ұл арқылы ұлтты сақтау. Демек, Ана қандай қиын заманда да, ұрпағының амандығымен бірге ұлтының да амандығын тілеген. Қазақ анасы ұлттың өмір сүруі үшін, ұрпақ жалғастығы үшін осындай көзсіз ерліктерге де барды.

Отырыста қазақ аналарының ерлігі, өжеттігі мен қайсарлығы, өнегесі мен тәлімі сөз етілмек.

Өтетін орны: «Zoom» платформасы: https://zoom.us/j/95169932857?pwd=RUw2QlFMeXE4RmNEZ1lJeWZUNTEyUT09

Өтетін күні: 2 наурыз 2022 жыл

Өтетін уақыты: 15.00

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button