Ақмола облысы

Алыптомар қажы мазары

 

Алыптомар мазары – XIX ғасырдың соңғы кезеңінде салынған сәулет өнері ескерткіші. Оның тарихы Целиноград облыстық тарихи-өлкетану музейінің бұрынғы қызметкері, Нұр-Сұлтан қ. (Астана) Қазіргі заманғы өнер музейінің бұрынғы директоры, қазір зейнеткер Н.В. Шивринаның айтуымен жазып алынған. Ол бұл аңызды Абай ауылының тұрғыны, сексенінші жылдары жасы жетпістен асқан Жәкен Қамбарұлынан естіген екен.

Қызылжар жерінде Алыптомар деген дініне берік, дәулетті, тақуа адам болған екен. Мұсылманның бір парызын өтемек болып, жанына ұлын ертіп, Меккеге қажылыққа аттанады. Осы бір игі жолға аттанған Алыптомар тақуа сапардың бесінші күні аяқ астынан сырқаттанып, қазіргі Абай ауылының тұсына келгенде өмірден өтіп кетеді. Ел-жұрт жиналып, тақуаны мұсылман дәстүріне сай арулап көміп, жер қойнына тапсырады. Кейіннен ұлы елде қалған жұртқа хабар беріп, тақуаның балалары әкесінің басына биік етіп мазар тұрғызады.

Тақуаның мазары сол аумақта көп кездесетін ұсақ тастар, жылқы жалы мен өсімдік тамырларының қоспасынан құйылған өңделмеген кірпіштен жасалған. Мазар күңгірт және ашық түсті кірпіш қатарлары алмаса отырылып салынған. Алыптомар тақуаның жерленген орны ел арасында діни ғибадат ету орны болып саналады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button