Редакция таңдауы Арнайы жобалар Фото

Амандос Ақанаевтың әлемі – фоторепортаж

ҚР Ұлттық музейінде 6 қазан күні Қазақстан Республикасы Көркем академиясының президенті Амандос Әтібекұлы Ақанаевтың 75 жылдық мерейтойына орай «Амандос Ақанаевтың әлемі» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ruh.kz.

Амандос Ақанаев – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар мен өнертанушылар қауымдастығының (AICA) толық мүшесі.

Амандос Ақанаевтың шығармашылығы өзіндік стилімен, ұлттық нақышымен, заманауи техника түрлерінің үйлесімділігімен ерекшеленеді. Оның картиналарының әлемі – көшпенділер мәдениетінің ауқымды көркем шежіресі. Суретшінің туындылары елімізде де, шетелдерде де үлкен сүйіспеншілікке ие. Шебердің шығармаларында тарихи тақырыптар, мотивтер мен қазіргі заман бейнелері тоғысқан.

Амандос Ақанаевтың ұлттық рухпен сусындаған картиналары ҚР Ұлттық музейі, Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейі, Третьяков галереясы, Шығыс халықтары өнері музейі (Мәскеу) және басқа да әлемнің ірі музейлері мен жеке коллекцияларда сақталған.

«Амандос Ақанаевтың әлемі» көрмесі суретшінің күрделі және көпқырлы техникада бейнелеу талантын паш етеді. Көрермен шебердің шығармашылығы арқылы қазақстандық өнер мектебінің қалыптасуының түрлі кезеңдерімен таныса алады.

Көрмеге автордың 60 жуық жұмысы қойылған. Олардың көпшілігі соңғы жылдары салынған және қалың көпшіліктің назарына әлі ұсынылмаған.

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button