Жаңалық

«Ақ бата» ұлттық салт-дәстүр, ғұрып конкурсы өтті

«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демей ме, дана халқымыз?! Жезқазған қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен, Жезқазған қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың 5 қазанында Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өскелең ұрпаққа бата беру, бата сұрау әдебін үйрету аясында «Ақ бата» ұлттық салт-дәстүр, ғұрып конкурсы өтті.

Іс шара еңбек ардагері, ауызы дуалы қарт, ел ақсақалы – Ізбасаров Бейсенбайдың ақ батасымен басталды.

Қазылар алқасының шешімімен:

Талап ауылының №14 жалпы білім беру мектебінің «Талап тарландары» тобы I орын,

№1 жалпы білім беру мектебінің «Намыс» тобы II орын,

Талап ауылының №14 жалпы білім беру мектебінің «Ағайындылар» тобы III орын,

Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Батыр» тобы мен Білім инновация лицейінің «Болашақ» тобы Арнайы сыйлықты,

№11 жалпы білім беру мектебінің «Бірлік» тобы Ынталандыру сыйлығын иеленді.

Конкурс соңында Қуанышбек ақсақал көпшілікке ақ тілеумен ақ батасын берді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button