Ақмола облысы
Ақ Еділ қожа мазары
Ақ Еділ Қожа мазары Қорғалжың ауданы, Жұмай ауылында орналасқан.
Ақ Еділ Қожа – ислам дінінің таралуына үлкен еңбек сіңірген діни ағартушы. Сол замандағы дәулетті адамдардан жиналған зекет қорынан ауыл-аймақтарда медреселер ашып, қара халықтан бала жинап, елдің діни сауатын аштырды. Кедей-кепшікті, жолаушы адамдарды өз қамқорлығына алып, қажылық сапарға бет алған жандарға демеушілік көрсеткен.
Ақ Еділ Қожа өмірден өткен соң еңбегіне риза ел-жұрты басына мазар көтерген. Оған күні бүгінге дейін жолай өткен жолаушылар арнайы ат шалдырып, Ақ Еділ Қожаның рухына дұға бағыштап отырады.