Солтүстік Қазақстан облысы

АҚ-ИРИЙ ЕСКІ ҚАЛАСЫ

Орналасқан жері: Ақ Йрий ескіқаласыЕсілалқабы мен БатысСібіройпатықиылысқанжерінде Солтүстік Қазақстан облысының Долматовауылындаорналасқан.

Оны ғалымдар 1968 жылы ашты, дегенмен ұзақ жылдар бойы осында жүйелі зерттеу және қазба жұмыстары жүргізілмеген, тек 2003 жылы осы жерде жергілікті қазба жұмыстары басталды.

Ақ Ирий ескі қаласы V ғасырға жатады, бұл сақтар дәуірі болып табылады, көне елді мекен дала және орман тұрғындары арасында өзіндік форпост ретінде қызмет етті.Маңызды құрылыстарға қорғау орларын, дуалдарды, басқа да фортификациялық құрылыстарды жатқызуға болады. Бекітілген қала ішінде ғалымдар үйлерді, сонымен қатар ұста шеберханалары мен керамиканы дайындау өндірістерінің қалдықтарын тапты.

Аңыз: Қазба жұмыстары барысында Есіл өзенінің басты биі оң жағалауында орналасқан ескерткіш алаңы егжей-тегжейлі зерттелінген.

Ескі қала екі жағынан адам аяғы басылмайтын биік үшбұрышты және қорғау құрылыстарымен бөлінген мүйісінде орналасқан.Көне қаланың ауданы шамаен жиырма бес мың шаршы метрді құрайды. Археологтар оны ақ жәннат деген сөзді білдіретін айтарлықтай романтикалық Ақ-Ирий деп атады. Зерттеушілердің болжамдары бойынша ескі қала діни-шаруышылық және қорғау мақсаттарында салынған. Бекініс құрылыстары, археологтардың айтуынша отқа табынған және зороастризмге сенетін дала сақтарының меншігінде болған.Зороастризм Еуразия даласына қола дәуірінде еніп, біздің заманызға дейінгі  бірінші мыңжылдықтың басында  толығымен қалыптасты.

Ақ Ирийдің нақты жобасын зертеушілер  қазба жұмыстары барысында анықтайды. Табылған белгілері бойынша ол Петропавлдың аумағында орналасқан зерттеуден өткен Ақ тау ескі қаласына сәйкес болуы тиіс.

Бұрыштары мен қабырғаларының орталарында төбені ұстауға арналған бағаналары бар 35—45 шаршы метрді құрайтын үйлер табылған. Қабырғалары бұтақтардан, шыбықтардан жасалып, балшықпен сыланған. Көптеген күйдірілген кірпіштер дәл осы технология Ақ Ирийде қолданылғанын растайды. Ескі қаланың ортасында жер үстінде сәуле тәрізді барлық бағыттарға  таралып,   бекініс қабырғаларының жанында айналып жүру жолымен қосылатын кең жыралермен  тереңдетілген аумақты алаң айқын көрінеді.Табылған заттардыдан  ескі қаланың тұрғындары сол темір дәуірінің ерте кезеңінің өзінде дамудың айтарлықтай жоғары деңгейіне жетті.

Ескерткіштерде күйілген кірпіштің, метал шлактарының қалдықтары шоғырланған өнідірістік алаңдар бар. Металды балқытуға арналған пештердің қалдықтары  көне сақтар металлургия өндірісінің технологиясын жақсы білгенін растайды.

Қазіргі үстіңгі бетінде биіктіктігі бір метрге дейінгі бекініс дуалы мен тереңдігі шамамен бір метр қорғаныс оры толық көрінеді. Қазба жұмыстары барысында ескі қаланың аумағына бас (орталық), сонымен қатар қосымша кіру (шеттегі) жолдары табылды.Ескі қалада Жапондық, Жерорта теңіздерінде кездесетін каури ұлу құбыршақтары табылғаны таңғаларлық болып көрінеді. Олар ақша ретінде пайдаланылуы мүмкін, яғни бұл сақтардың сыртқы қатынастары кең болғаны деген сөз. Бекініс дуалының іргетасында суды жібермейтін материал ретінде қабық пайдаланылған.Балшықты күйдіру және металды балқытуға арналған пештер де табылған. Табылған бірегей заттар сақ тайпалары осы жерлерде мекендеп, алдыңғы тарихи кезеңдерінің мәдениеттерінде терең тамырлары болғанын болжауға а мүмкіндік береді. 2013 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің археологтары Ақ Ирий ескі қаласының қазба жұмыстары өткен жерінде ашық аспан астындағы археологиялық мұражай ашуды ұсынды.

 

Ақпарат көзі:

http://culturemap.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button