Жаңалық Редакция таңдауы

Ақиық ақын атындағы мұражай

Қазақстанда 1988 жылы 20 ақпанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің бұйрығымен Сәкен Сейфуллин атындағы музей ашылды. Музей – ақынның өмірі мен қызметі туралы құнды жәдігерлер мен құжаттар жинақталған, үлкен тәрбиелік-ағарту жұмыстарын атқаратын мәдени орын.

Музейдің орналасқан ғимаратының өзі сәулет өнеріне жататын ескерткіш болып табылады, ХІХ ғасырдың тарих және сәулет ескерткіші болып саналатын қос ғимаратта орналасқан. 1846 жылы Самарадан келген ресейлік көпес Казанцев екі үй салады: бірі – тұрғын үй болса, екіншісі – кеңсе. Бұл ғимарат сатып алынған тауарларды есепке алу кеңсесі болды. Мұнда шикізатты (былғары, жүн) сатып алып, Ресейге жіберумен айналысты. Шикізат осында жертөледе сақталды.

Бұл үйді ресейлік шеберлер берік және орнықты жасаған. Сол себепті 170 жылға тарта уақыт қолданылып келеді. Революцияға дейін де, кейін де ғимарат кеңсе ретінде пайдаланылды. Кейінгі жылдары бұл ғимаратта «Зорька» деген балабақша жұмыс істеді. Үй ағаштан жасалған. Үйдің биік іргетасы ағашты шіру мен ісінуден сақтап тұрады. Ғимараттағы бөлмелер жобасы әкімшілік мақсатта қолдану үшін жасалынған.

Үйдің шатыры сәндік мақсатта ғана емес, жылуды сақтау үшін тұрғызылған. Терезенің сыртқы ернеуі, жақтау маңдайшасы ойып өрнектелген.

Ғимараттың биіктігі – 10 метр.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары С.Сейфуллин Ақмолада уездік атқару комитетінің қызметін атқарған еді. Әкімшіліктің кабинеттері осы ғимаратта орналасқандықтан С.Сейфуллин осында қызмет еткен.

Екінші ғимарат – музейдің әкімшілік үйі.

Бұрын Сәкеннің досы, дәрігер  Федор Иванович Благовещенский /1881-1938/ үйі болған. Дәрігерлік   37жыл тәжірибесінің 30 жылын терапевт мамандығы бойынша жұмыс атқарған. Ол жергілікті және көпұлтты халық арасында емдеу және ғылыми тұрғыда жеткізу ісінде жетік маман болған. Ерекше жұмысқа қабілеттілік, шыдамдылық пен төзім, медициналық білімді толықтыруға талаптануы және кез-келген салада дәрігерлік көмек көрсетуге қажеттілігі арқасында дәрігер, терапия, офтольмология, акушерлік гинекология, хирургия, туберкулез емдеуде мол тәжірибе жинақтап, жергілікті жағдайда дәрігерлер мен халық арасында ірі маман ретінде танылды.Кейін бухгалтерлік мектеп болған.

Үй кесілген ағаштан салынған. Бұрыштарында сүрілген бөренелер орналастырған.Төбесі темір шатырмен жабылған. Бөренелерінің ұшына тақтайшалар шегеленген. Терезелері ағаш жабумен жабылады. Жабулары жұлдызша, ромб фигуралары геометриялық орнаметтермен әшекейленген. Жобасы дәліздік жүйе бойынша жасалған. Дәліздің қарама-қарсы жақтарында бөлмелер орналасқан. Үйдің сәулеттік жүйесіне назар аударсақ. бірнеше кезеңнің сәулеттік үрдісін қамтиды. Бұл жерде орыс, батыс еуропа, неміс сәулет өнерінің үлгілерін байқаймыз. Қаладағы барлық құрылыс үлгісінен көркемдігі жағынан ерекшеленетін бұл ғимарат мемлекет қорғауына алынған.

Музейдің әкімшілік ғимаратының авторы мен құрылысшылары жайлы дерек жоқ.

Мұражайдың 8 залында Сейфуллиннің сирек кездесетін кітаптары, фотоқұжаттары мен мұрағат материалдарының фото және көшірмелері, тұтынған заттары жинақталған.

Фотосуреттер islam.kz сайтынан алынған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button