Ақжар - нағыз марстық пейзаж

Еуразияның көшпенділер тарихында Ұлытау өлкесі көшпенділер өркениетінің эпицентрі іспеттес қасиетті мекеннің бірі болып саналады. Кесенелердің, тастағы суреттердің, үңгірлердің, ежелгі қалалардың, тарихи және аңызды тарихтардың, әртүрлі діни ғимараттардың жинақталған жері болғандықтан, Ұлытау қазақ жерінің кіндігі және қазақ ұлтының бесігі болып табылады. Дәл осы Ұлытауда хандарды ақ киізге көтеріп хан сайлаған. Жошы хан, Алаша хан, Темірлан, Едіге Әмір, Тоқтамыс хан, Кенесары хан, Әлкей Марғұлан, Шоқан Уәлиханов, Қаныш Сәтбаев – Қазақстан тарихы мен әлем тарихында маңызы бар осы барлық есімдер мен басқа да есімдер тікелей Ұлытаумен байланысты. Аталған аймақ Қазақстанның барлық тарихы ежелгі уақыттан бастап үздіксіз байланыста болған.
Ұлытаудың солтүстік-батысында таңғажайып Ақжар борлы таулары, өзеннің терең арналары бар. Ақжар таулары туралы бұған дейінде жазған болатынбыз.
Ақжар – Сарыарқаның шексіз жазығында бой түзеген көрінісі қанық, сыйлар әсері жарқын таулы өңір.
Тәңіршілдік наным-сенім заманында Ақжар таулары қасиетті деп саналған.
Назарларыңызға Ақжар тауларының тамаша көріністерін ұсынамыз.
https://www.youtube.com/watch?v=JOMGM6e_C0c