Павлодар облысы

АҚКӨЛ-ЖАЙЫЛМА ҚАЛАШЫҒЫ

Павлодар облысы Екібастұз ауданында орналасқан. Хронологиялық мерзімі: шамамен ХIV- ХІХ ғғ.

Ақкөлді жергілікті қазақ қариялары Әулиекөл деп те атайды және ортағасырлық шежіре деректері мен тарихи жазбалардан бұл аймақ туралы аздаған мәліметтер кездеседі. Соларға қарап отырып Ақкөл-Жайылманың қазақ тарихындағы орыны Баянауыл, Қарқаралы, Ұлытау сияқты тарихи орталықтардан бір де кем емес екенін аңғарамыз.Ақкөл-Жайылма өңірі Өлеңті және Шідерті өзендерінің төменгі ағысындағы ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Ақкөл-Жайылма табиғатының әсемдігімен және табиғи байлықтарымен ерекшелінеді, әулиелер жерленген орда деп саналады. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын қазақ үшін бұл өңір ерекше болып табылады. Қалың қамыс басқан Ақкөл мен Жаман көл жағалары қысқы қонысқа өте ыңғайлы.

Қазақ заманында да Ақкөл-Жайылма жерінде хан сайлаулары өтіп тұрған. Соның бірі – 1817 жылы 30 мамыр күні осы жерде Орта жүздің ханы болып Барақұлы Бөкейдің сайлануы. Абылай тұқымының беделін түсіру үшін бұл жиынға Ресейдің әскербасылары да келген және өзге қазақ сұлтандарының Ақкөл-Жайылмаға жиналуына тікелей ықпал еткен. Ақкөл–Жайылма өңіріне қатысты аңыздар,миф-әфсаналарМәшһүр-Жүсіп жинақтарында кездеседі.

Ссылка http://www.kieliqazaqstan.kz/ru/attraction/view?id=100

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button