Ақмола облысында республикалық слет өтті
Ақмола облысында «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық бөлімшелердің республикалық слеті өтті.
18-21 қыркүйек аралығында Бурабай ауданында «Звездный» балалар сауықтыру лагерінің базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық бөлімшелерінің республикалық слеті өтті. Слетке Қазақстан Республикасының 17 аймағынан 160 бала қатысты.
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында туризмді, әсіресе эко және этно туризмді дамыту, студенттердің қабілеттерін анықтауға негізделген кәсіптік бағдар беру жөніндегі тапсырмасы жастар туризмі мен өлкетануды дамытуға бағытталған маңызды және салмақты хабарлама болып табылады.
Облыста жалпы білім беретін мектептер мен ұйымдарда 6760 бала қатысатын 415 туризм, өлкетану және экологиялық зерттеулер үйірмелері жұмыс істейді.
Слет үш блокта өтті: экологиялық, өлкетану, туристік. Слеттің ашылуы осы жылдың 18 қыркүйегіне сағат 17.00-де басталып, «Звездный » базасында осы жылдың 20 қыркүйегінде сағат 16.00 де Щучинск қаласының Мәдениет үйінде жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанатына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Шер Р.П., облыс әкімінің орынбасары М.Н. Игали, балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Д.Жекбаев қатысты.
19 қыркүйекте Үйлестіру Кеңесінің отырысында құндылықтар, жастар туризмін ұйымдастыру, балалардың демалысы мен жұмыспен қамтылуы мемлекет, қоғам және кәсіби қоғамдастық арасындағы Қазақстан Республикасының туристік индустриясын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, экологиялық мәдениетті насихаттау, азаматтық сана-сезімін дамыту, өлкетану мен жас ұрпақтың ұлтболып қалыптасуы жөніндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау үшін сындарлы диалог өтеді. Өзекті мәселелерді талқылауға білім және ғылым, мәдениет және спорт, экология, геология және табиғи ресурстар, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктерінің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, жалпы орта, қосымша, кәсіптік және жоғары білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлері қатысқан болатын.
Мектептердегі тарихи-археологиялық қозғалысты нығайту, ел аймақтарындағы жаппай мектеп туризмін жандандыру, аудандық, қалалық және облыстық мектептен тыс ұйымдардың немесе олардың филиалдарының желісін құру, облыстың барлық оқу орындарында жастар туризмінің, өлкетанудың дамуын үйлестіруді қамтамасыз ету, өлкетану және туристік оқиғалар, туристік бағыттардың дамуы.
Сонымен қатар, қатысушылар саяхатқа дайындық, экологиялық ізденістерді әзірлеу және басқа да көптеген семинарларда өз пікірлерін айтып, толығымен қатысты.
Ақмола облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі