Жаңалық

Ақтау тұрғындарын бас санитар дәрігердің шешімі таңғалдырды

Ақтау тұрғындарын бас санитар дәрігердің шешімі таңғалдырды, – деп хабардайды Tengrinews тілшісі «Ладаға» сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын «Әскери жағажай» территориясына блокбекет пен тыйым салынған белгілер қойылғанына, ал «Достар» ақылы жағдайда адамдар қашықтық сақтамай, демалып жатқанына таңғалды.

Бұған дейін әкімдіктегілер аймақтың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысына сәйкес, облыста қалалық, қоғамдық жағажайлар мен аквапарктердің жұмысы тоқтатылғанын хабарлаған.

Осыған байланысты Ақтау қаласында жағажай учаскелерінде блокбекеттер мен тыйым салынған ленталар қойылған.

Бұл территорияларды күн сайын полицейлер қадағалайды. Қала тұрғындары мен қонақтарына тыйым салынған лентаға дейінгі жағажай территориясында демалуға рұқсат жоқ. Парктер мен саябақтарда үш адамнан артық топтаспай жүруге рұқсат етілген», – деп хабарлады қала әкімдігіндегілер.

Tengrinews

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button