Жаңалық Редакция таңдауы

Ақтөбе облысы Қазақстанның ауыл әйелдерінің өңірлік форумдарын өткізу эстафетасын қабылдады

14 шілдеде Ақтөбеде Ақтөбе, Атырау, БҚО және Маңғыстау облыстарының өкілдеріне арналған «Қазақстанның ауыл әйелдері форумы» атты кездесу өтті.

Қазақстанның батыс өңірінің 350-ден астам ауыл тұрғыны іс-шараға тікелей және онлайн режимде қатысты. Әйелдер аудиториясымен байланыста облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ҚР Ұлттық экономика министрліктерінің, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері болды.

2018 жылдан бастап «Қазақстанның ауыл әйелдері форумы» өзін әйелдер кәсіпкерлігін және нәтижелі жұмыспен қамтуды дамыту арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру бастамаларын талқылау мен тиімді жолдарын іздеудің ұлттық алаңы ретінде танытты. Бұдан бұрын Жетісу облысында форум өтті, алда солтүстік, шығыс және орталық өңірлердің әйелдерінің қатысуымен кездесу өтеді. Астанада өтетін VІ республикалық форум әр облыс делегациясының басын қосатын қорытынды оқиға болмақ,- Қазақстанның ауыл әйелдері форумы» ұйымдастыру комитетінің төрағасыМайра Айсина.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Coca-Cola Белестері» әлеуметтік жобасын ұйымдастырушылардың бизнес негіздері мен фермерлік дағдыларды тегін оқытуды ұсынатын әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға қосқан үлесін атап өтті және «Ауыл аманаты» шеңберінде Ақтөбе облысының ауылдарында шағын бизнесті дамытуға 2,5% – бен тауарлық несие алуға бастама көтерген осы жобаның түлектеріне қолдау көрсетуге уәде берді.

Ақтөбедегі форумға қатысушылар «Coca-Cola Белестері» жобасын ұйымдастырушылардан және FarmerSchool онлайн мектебінің фермерлік бизнес негіздерін үйренді. Бұл бағдарламалар кәсіпкерлікті жаңадан бастаған әйелдерге нақты көмек көрсетеді, – деді Нарқыз Тәжіғалиева, ccb.kz үздік бизнес идея байқауының жеңімпазы.

Сондай-ақ USAID мамандарының ауыл шаруашылығындағы кооперацияға арналған шеберлік сабағы ауыл тұрғындары үшін қажетті білімге айналғанын атап өтті.

Іс-шараны «Жасыл экономика және G-Global дамыту Коалициясы» ЗТБ, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Ақтөбе облысы әкімінің және батыс өңір облыстары әкімдіктерінің, Coca-Cola халықаралық қорының, «Атамекен» ҰКП қолдауымен «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қоры ұйымдастырады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button