Жаңалық

Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Ақтөбе облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай жыл бойы атқарған жұмыстарға қорытынды жиын өтті.

Атап айтқанда, Ақтөбе қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жастар, ғылым және инновациялар» ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Сонымен қатар, «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» бағдарламалары аясында 89 жоба іске асырылуда. Айта кетсек, өткен жылы ақтөбеліктер туған жерге 5,7 миллиард теңге жұмсады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» акциясы өтті. Оған 21 мемлекеттен жерлестеріміз келіп, әрқайсысы үлес қосты. Аталған бір жыл ішінде бірнеше әлеуметтік нысан салынды. Шығармашылық академиясы, Өнер орталығы, Хоккей модулі, Жұбановтар әлемі, Аналарға тағзым атты рухани-мәдени ғимараттар қолданысқа берілді. Ал «100 жаңа есім» жобасына бес ақтөбелік азамат енді. Жалпы төрт шағын бағдарлама бойынша 89 жоба іске асырылды. Бағдарлама аясында бизнес өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ғалымдар да жұмыс істеді. Жастардың да қолдауы бар. Алдағы уақытта әкімдік жас ғалымдардың инновациялық жобаларын қолдап, арнайы гранттар бөледі», – деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов.

«Тәрбие және білім» шағын бағдарламасы аясында биыл «Бақытты бала» жобасы іске асырылады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жоба аясында барлық ауылға ойын алаңы салынып, балабақшаларға планшет сатып алынады. Мүгедек балаларға арналған сенсорлық үйлерді колледж студенттері жасайды. Ал «Мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру» бағдарламасы аясында «Жаңа әліпби-гаджет әлемінде» атты латын графикасына үйретуге негізделген мобильді қосымша дайындалып жатыр. «Атамекен» бағдарламасы аясында биыл 648 жоба іске асырылады. Барлығы 2,7 миллиард теңге жұмсалады. Бағдарлама аясында «Аналарға тағзым» орталығының құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнда Әлия Молдағұлова, Аққағаз Досжанова, Нұрсұлу Талапова, Бопайханым, Роза Жаманованыңөмірі мен еңбек жолы, ерлігі таныстырылады. Қыздарды, келіндерді тәрбиелеуге ақтөбелік әжелер үлес қосады. Тігін, тоқу, бала күтімі, үй тазалығын үйретеді.

Айта кетейік, «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында облыстық музей пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, ғалымдар Орынбор мен Санкт-Петербург мұрағаттарына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Әрі Әбілқайырханның 325 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, Қобыланды батыр мемориалдық кешеніне қонақүй салынады. Бөкенбай батырға да ескерткіш қойылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қобда ауданында Қобыланды батыр мемориалдық кешеніне күрделі жөндеу жүргізілді. Әрі аудан орталығына Қобыланды батыр, Исатай батыр ескерткіштері қойылды. Қазақстанның киелі орындарына Абат Байтақ пен Қобыланды батыр кесенесі енді. Ал өңірлік тізімге Исатай кесенесі алынды. Мәңгілік ел, Отанана, Алтай батыр, Әлия сквері салынды. Екінші дүние жүзілік соғыс қақатысқан 2 400 қобдалық азаматқа арнап «Ұлы дала дарабоздары» атт атақта орнатылды. Қазіргі кезде Абат Байтақтың жанында Қыз әулие бар. Табыннан тараған қыз деп айталады. Құлпытасы да сақталған. Ортасына сынған соң оқу қиын. Астана қаласынан тарих ғылымдарының докторы Зейнолла Самашевпен ақылдасып едік, лингвистердің қажет екенін айтты. Мұнда шағатай, төтежазу, араб араласдепайтады», – деді Қобда аудандық мұражайының Гүлбаршын Ерғалиева.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button