Жаңалық Редакция таңдауы

Ақтөбеде асық атудан Қазақстан кубогы басталды

Бүгін, Ақтөбе қаласында Асық атудан ересектер арасында Қазақстан кубогы басталды. Ол 1 қарашаға дейін жалғасады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Ұлттық спорт қауымдастығы

Астана, Шымкент, Ақтөбе қалалары мен Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Жамбыл, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарынан жиналған 100-ден аса спортшы сайысқа түседі. Ерлер – Асық атудан жарысса, әйелдер Бес асықтан бақ сынайды.

Дүбірлі доданың ашылу салтанаты ҚР Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтанов пен ҚР Асық ату федерациясының атқарушы директоры Жомарт Сабыржановтың қатысумен өтті.

Асық ату федерациясының президенті Аслан Сұлтанов турнирдің ресми ашылуында Федерацияның ұлттық спортты дамытуға күш салып жатқандығы туралы айтты.

Жеке өз басым жаңадан сайланған басшы ретінде осы істі зерттеп-зерделеп, жан-жақты жұмыс жүргізуге кірісіп кеттім.  Алдағы уақытта, яғни биылғы жылдың соңына дейін және келесі жылы іске асыратын нақты жобаларымыз бар. Ал бүгінгі жарысқа қатысатын барлық спортшыға сәттілік тілеймін, – деп мәлімдеді.

Қазақстан кубогындағы жеңімпаз командалар үшін қаржылай сыйақы қарастырылған.

Сонымен қатар жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Туризм және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің кубогымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button