Мақала
Ақын-жазушылардың шын есімдері
Назарыңызға инфографика арқылы халық арасында өзге атпен танымал болған ақын-жазушылардың шын есімдерін ұсынамыз.
Қазақ халқы ежелден есім таңдауға жауапкершілікпен қараған. Бала есімі оның өмір жолын анықтайды деп сенген. Сондықтан жаңа туған сәбиге ұлы тұлғалардың есімін не мәнді, мағыналы ат қоюға тырысқан. Кейде баланың аурушаңдығын оның есімінің тарихы ауырлығымен байланыстырған. Одан бөлек, қазақ дәстүрінде ат тергеу, лақап ат секілді ұғымдар кездеседі. Әсіресе, ақын-жазушылар арасында лақап ат танымал болған. Сондай-ақ, халық арасына танымал еткен екінші есімдері де бар.