Жаңалық Редакция таңдауы

Ақын Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтті

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ақын, бард, қоғам қайраткері Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Ақындар айтыстарындағы батыл да шыншыл қоғамдық-саяси ойлары үшін  «Қазақтың Сары Тентегі» атанған ақын, бард Қуаныш Мақсұтовтың заманауи жетістіктер қолданылған  жаңа кітабына поэзиясы, бардтық туындыларының, шансондарының, авторлық әндерінің мәтіндері және көсемсөздері топтастырылған. Оқырман «AlphaPrint» баспасынан шыққан кітапта көрсетілген  QR-код арқылы автордың музыкалық туындыларын тыңдап, ақынның жеке YouTube арнасындағы ақпараттармен таныса алады.

Ақын Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтті

 Кітаптың бірінші бөліміне поэзи­я, екін­шісіне - бард­тық, шансондық туын­ды­лары, үшін­шісіне - қаламгердің ой-толғамдары, көсемсөз жазбалары жинақталған. Кітап көпшілік оқырманға арналған. Кеш барысында өнер иесі өзінің бардтық туындылары мен шансондарын орындады.

Қуаныш Мәжкенұлы Мақсұтов  1963 жылы 23 ақпанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында туған. Халықаралық, республикалық ақындар айтыстарының, республикалық «Жігер» фестивалының, Университеттердің Бүкілодақтық фестивальдарының лауреаты. «Қазақстан» телеарнасының тікелей эфирінде өткен республикалық «Аламан айтыс» жарысында «Орақ тілді, от ауызды Ақын» атағы берілген (2006-2008).

Ақын Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтті

«Мәңгілік мұңның әуені» атты бардтық әндер жинағы (2013), «Тәкаппар мұңның кербез тамшылары» атты жыр жинағы (2013) жарық көрген. Бірнеше интелектуалдық жобалардың авторы.

Қуаныш Мәжкенұлының 60 жылдық мерейтойына орай  ұйымдастырылатын мәдени шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, елімізге белгілі ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері, оқырмандар қатысты.

Ақын, бард, Қазақтың Сары Тентегі Қуаныш Мақсұтовтың мерейтойына арналған шаралар осы жылдың қараша айында  Қарағанды облысында кең көлемде аталып өтті.

Ақын Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтті

 

Ақын Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтті

 

Ақын Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтті

 

Ақын Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтті

 

Ақын Қуаныш Мақсұтовтың «Құт» атты кітабының тұсаукесері өтті

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button