Археология ескерткіштері. Киелі география
2019 жылдың 28 тамыз күні «Облыстық тарихи-өлкетану музейінде», «Археология ескерткіштері.
Киелі география» атты көрме ашылды. Көрменің тұжырымдамасы «2016-2018 жылдарға ШҚО-да археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасының» қорытындысы болып табылады. Бұл жобаның негізгі мақсаты ерте темір дәуіріндегі (сақ дәуірі) қазақ этносы бабаларының таңғаларлық жетістіктерін паш еті болып табылады.
Қазақ даласы б.д.д. І мың жылдықта жергілікті жағдайға бейімделген шаруашылық-мәдени кешендерді, көркемдік-эстетикалық құндылықтарды және дүниетанымдық жүйелерді, металлды өңдеу технологиясының жоғарғылығымен ерекшелінетін (соның ішінде түсті металл – қола, алтын және асыл тастар), тұрақты көшпелі мал шаруашылық жүйесін құруға және ерекше қаруларды жасауға ыңғайлы табиғи және тарихи орта болып табылады. Көрсетілген саладағы әсіресе соғыс өнері және ат әбзелдері саласындағы өнертабыстар мен жаңартпалар мемлекеттік құрылымдарда көптеген тайпалық бірлестіктер арасындағы сауда және алмасу, әскери-саяси байланыстар нәтижесінде атты-көшпелі қоғамдастықтардың жоғары дамуының арқасында үлкен кеңістіктерге тарады.
Көрмеде Ұлы дала кеңістігінде үздіксіз самғап жүрген атты көшпенділердің мифопоэтикалық және дүниені қабылдауларының, жан күйін, қиял ғажайып жануарлардың сюжетін және бейнесін көрсететін ежелгі көшпенділердің таңғаларлық мәдениеті көрсетілген.
Жәдігерлер өлке көшпенділерінің және олардың жеке этникалық топтарының металлды өңдеу саласында олардың үлкен жетістікке жеткен мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді.
Ежелгі көшпенділер мәдениетіндегі скиф-сібірлік аң үрдісі әсіресе металлды өңдеуде және оларды оюлағанда айқындалды. Сақ дәуіріндегі өнімдердің көбі, скиф аңдық үрдіс деп аталатын жануарлар бейнелерімен әсемделген. Бұл ретте қожайынның статусына, заттың мақсатына байланысты, әрбір бейнеде, стилистикалық ерекшелігінде, көркемөнер мәнерінде және әшекейдің түсіру үлгісінде терең мағына жатыр.
Шілікті қорымы Тарбағатай, Маңырақ, Сауыр Сайқан тауларымен қоршалған алқапта орналасқан. Бұл шынымен де ірі қорғандардың санымен таң қалдыратын Хан алқабы, онда бірнеше тізбектерге созылған 200-ден астам бар. Ерте сақ кезеңінің ақсүйек ескерткіштері айрықша табиғи кешеннің орталығында орналасқан. Бұл ірі үйінділер, олардың астында бөренелі кесінділерде б.з.д 8-6 ғғ. «алтын киімдерге» қапталған басқарушы элиталар жерленген. Алғаш мұндай қорған 1960 жылы археолог С.С.Черниковтың жетекшілігімен қазылған, онда 524 алтын заттар табылған. Дәл сол жерде алтын «ұшатын бұғы» табылған – бұл скиф-сақ өнерінің айрықша үлгісі. Бүркіт-грифтердің, балықтардың, қабанның, мысық тектес жыртқыштың, бозторғайдың, қоянның суреттері пішінінің айрықшалығымен және көрмекділігімен таң қалдырады. Бұл табылған заттар сол кезде-ақ «аңдар стилі» өнері қайда туындады деген археологтардың сұрағының туындауына мүмкіндік берді. Табылған алтын әшекейлер мінсіз және өзіндік ерекше болды. 2003 жылы Шілікті қорымында археолог А.Т Толеубаев қазба жұмыстарын жалғастырды, ол өзіндік ерекше жаңалық болды. 4333 алтын бұйым табылды: барыс, бүркіт, бұғы, арқар, қасқыр түріндегі айылбастар және алтын моншақтардың көп мөлшері табылды. Сонымен қатар алтын бес басты жұлдыз түріндегі айылбастар табылды, ол ертеде дәулеттілікті, ахуалды білдірді, осы тұлғаның ерекше жағдайын көрсетті. Табылған заттар ерте сақ мемлекеттік бірлестігі руынан бір хан тұлғасының костюмына және сыртқы бейнесіне түпнұсқалық қалпына келтіру жасауға мүмкіндік берді, ол Қазақстандағы ең ерте «Алтын адам» болып табылады.
Б.з.д. 4-3 ғғ. Берел қорымы туралы да дәл солай айтуға болады, ол ертедегі Қазақстан халықтарының бірінің көсемдерінің көмілген жері болып табылады. Берел алқабының ежелгі тұрғындары өздерінің билеушілері үшін қаза тапқандардың бальзамдалған денелері ұзақ уақыт бойына шірімей қалдырылатын қабірлерін тұрғызды, ал олардың тастан жасалған ғимараттарды салу тәжірибесі жерлеу камерасында мәңгі тоң линзасының қалыптасатындығын болжады. Алғаш рет «мәңгі тоңы» бар қорғанды 1865 жылы В.В. Радлов қазған. Ағаш қалыптағы хан тұлғасы ана әлемге он жеті жылқымен бірге жерленген, олардың ер-тұрмандары ағаштан жасалған айылбастар мен алтын жағылған қабықтардың көп мөлшерімен безендірілген. 1999 жылы Берел қорымында З.С. Самашевтың жетекшілігімен Халықаралық Қазақ-Француз экспедициясы жұмыс істеді. Археологтар хан қабірін зерттеген, оның жанында толық жабдықтарымен – ауыздықтаған және ерттелген 17 жылқы орналасқан. Жылқы жабдықтарының бөлшектері мысық тектес жыртқыштар, тау текелер мен қойлар, бұлан, жыртқыш құстар мен қиялдағы грифтердің шынайы түрдегі суреттері алтынмен жылтырап тұрған. Аталған олжалар Астана қаласының Ұлттық музейінде көрсетіледі.
З. Самашев 3 жылдық «2016-2018 жылдарға ШҚО-да археология саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту бағдарламасы» аясында Берел қорымында жұмыстарды ұсынды. 2016 жылы бес жылқының сүйемелдеуімен ақсүйек әйелдің көмуі зерттелді. Атардың бастары мен жерленген әйелдің киімі алтынмен әшекейленген болды. 2017 жылы қазылған тағы бір әйел көмуінде алтыннан жасалған 156 бұйым табылған, олар бас киім, сонымен қатар былғары мен теріден тігілген киім болған. Бұл табыстардың айрықшалығы, берел артефактілері бүкіл әлемге ерте салт аттылар дәуірінің айрықша мәдениетін көрсетуге мүмкіндік бергендігі болып табылады. Ұлы дала еркіндік сүйетін ертедегі көшпелілері тек қана тамаша салт аттылармен және шебер әсерлермен ғана емес, сонымен қатар өнерлі шеберлер де болды.
2018 жылы З. Самашевтің жетекшілігімен археологтар тобы Елеке Сазы қорымында жұмыстар жүргізілді, ол б.з.д 1 мың жылдыққа жататын жүздеген қорғандардан тұрады және элиталық қорғандардың болуымен ерекшеленеді. Ірі қорғандардың бірінде археологтар қоршаудағы қазынаны тапқан, онда діни-құдыретті қызметке ие, ол туралы әйелдер мен ерлер костюмдерінің жасырылған алтын әшекейлердің көп мөлшері куә. Бұл жыртқыш құстардың басы түріндегі пішінді жапсырмалар, алтын моншақтан жасалған мыңдаған ұсақ моншақтар, ирек тәріздес моншақтар, киімге арналған дөңгелек алтын жапсырмалар. Ең маңызды оқиғалардың бірі 17-18 жастағы атақты жасөспірімнің сүйегінің табылуы болып табылады, оны жерлеуі алтын әшекейлерге бай: ұзын мүйіздері бар бұғы түріндегі алтыннан жасалған жапсырмалар, мүйізі жоқ марал пішіндері, әдемі мүйіздері бар бұғылардың пішіндері және мойынында үлкен алтын гривна. Сонымен қатар алтын қынаптағы қанжар табылған, қорапсақ ұзын алтын пластинамен безендірілген. Жебеге арналған құтының ағаш түбі дән техникасында орындалған бұғылардың пішінімен безендірілген алтыннан жасалған қоршауға ие. Барлық осы айрықша олжалар б.з.д 8-6 ғғ. мерзімделеді және ерте сақ бейнелер өнерінің айрықша туындылары болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысы, «Рухани жаңғыру» жобалық офисі