Жаңалық

Археологтар баянауылдық «Молалар алқабының» құпиясын анықтауда

Ғалымдар Қазақстан, Ресей, Моңғолия мен Баянауылдан келген студенттермен бірге ежелгі Андронов мәдениетінің өкілдері болған әйелдер қабірлерінің маңында кеудедегі балалардың не себепті жерлегенін анықтауда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

«Хан қорық» жастар фестивальінің қатысушылары Қола дәуіріндегі бірегей тастармен жабылған баянауылдық «Молалар алқабына» қызығушылық танытты. Қазба жұмыстарын қыз-жігіттер Тимур Смағұлов басшылық ететін аймақтық Margulan Сentre археологиялық орталығымен бірлесіп өткізуде.

https://baq.kz/storage/39/398c68b404b8ddf054c74a2348a91840.jpg” style=”height: 581px; width: 900px;” />

– Бізді Андронов мәдениетінің ескерткіштері қызықтырды. Мұнда жерлеу рәсімі шамамен үш жарым мың жыл бұрын өткізілген. Біз андроновтықтар жерлеу рәсіміне арнайы таңдап алған аумақта жүрміз. Жалпы, бұрында олар осы аймақта өмір сүріп, мал асыраған. Өкініше орай, ұрылар қабірде бағалы заттар бар екенін біліп, сол заманның өзінде тонау жасаған. Олай болмағанда, осы жерде алтын, күміс пен қоладан құйылған әшекей-бұйымдар табылатын еді, – дейді экспидияға келген ресейлік танымал маман, Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің өкілі, тарих ғылымдарының кандидаты, этнология, антропология, археология мен физиология кафедрасының доценті Ирина Толпеко.

Ғалымдардың айтуынша, қабірде жатқандарың басым бөлігі – әйел адамдар. Ал, олардың маңында көбі бір жасқа толмаған сәбилер жерленген. Не себепті? Археологтар осы жағдайдың сырын ашуда.

https://baq.kz/storage/f8/f8b00418d60bb3e06456bda34ce1b11e.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Бес жыл бұрын Омбы мемлекеттік университеті мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты өзара келісім жасаған. Бірнеше жыл бойы Margulan Сentre орталығымен бірге студенттер қазба жұмыстарын жасауға аттанады. Биыл, «Туған жер» бағдарламасы аясында Баянауыл өңіріне археологиялық зерттеу жасалуда.

https://baq.kz/storage/51/5102821a181044d0929c4ea0f5f12cab.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />-

– Мұндаға қазба жұмыстары екі ай бойы жалғасуда. Молалар мекенін бірнеше мың адам көрді. Экспидицияның басты мақсаты – аспан астындағы таңғажайып мұражайдың негізін қалау. Бұл аймақ абаттандырылып, көркею керек. Алдағы уақытта осы аймаққа жолдар жасалып, ақпараттық тақталар ілінеді. Торайғыр өзеніндегі Баянауыл археологиялық мұражайында жөндеу жасалып, табылған жәдігерлер сонда жіберіледі, – дейді Тимур Смағұлов.

https://baq.kz/storage/1e/1ea9035f9280157bcaa9891ce1818ac8.jpg” style=”height: 600px; width: 900px;” />

Еске салайық, баянауылдық ұлттық саябақта QazaqGeography Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты және «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Хан қорық» жастар фестифальі өтуде. Оған Қазақстан, Ресей мен Моңғолиядан 200-дей адам келді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button