АРХИСТРАТИГО-МИХАЙЛОВСК ӘЙЕЛДЕР МОНАСТЫРІ
Орналасқан жері: Архистратиго-Михайловск әйелдер монастырі, қазіргі Жамбыл ауданы Пресноредуть ауылында орналасқан. Пресновка ауылынан 60 км жерде.
Бұл жер патша қорғаны, көл, монастырьдің шаты сақталғанмен қызықты. Қазіргі кезге дейін бұл киелі жерге қажылар келеді. Ол жерде бекініс, священник үйінің қабырғалары, ғимараттар мен құрылыстардың іргетастары қалды. СҚО аумағында үш монастырь болғанын бәрі біле білмейді. Біріншісі — Архистратиго-Михайловск немесеҚазан әйелдер жатақханалық монастырі Пресновкадан алыс емес жерде, екінші –Петропавлдағы Всех святых храмының жанындағы әйелдер жамағаты, үшіншісі -Қара оба мекенінде Николаевский ерлер монастырі, қазір ол Қостанай облысының аумағы. Революциядан кейін олардың барлығы жойылды.
Аңыз:Монастырьді есаул Алексея Казиннің жесір қалған әйелі – Анна Васильевна Казин ашқан.Анна 1857 жылы дін қызметшісінің үйінде туған. Ол ерте жесір болып қалды. Өкінішке орай 30 жастағы жас әйелде бала болмаған. Күйеуі қайтқан сол ол құдай мен адамдарға қызмет етемін деп шешті. Білімді болғандықтан, бар ақшасы мен жерлерін беріп өз күшімен монастырьді ашуға жұмсады. Біраз уақыт өткен соң Анна Казина императрица Александра Фёдоровнаға бес хат жазып, көмек сұраған. Материалдық көмек көрсетілді. 1902 жылы монастырь аумағында Святая Троица атынан ағаш храмы жарықтандырылды. Осы іс-шарада Анна Васильевнаға Евпраксия есімі беріліп монахиня және игуменья монастырьдің настоятельницасы болып көтерілді. Бұл шаруасы бар ірі әйелдер монастырі болаты туралы Александр Листопадний әңгімілейді. Оның аумағында біраз ғимарат болатын, соның ішінде хужралармен үйлер, тоқыма мен иконжазатын шеберханалар, қажылар үшін қонақүйлер. Монастырь жергілікті халықты балықпен қамтитын көлдің жанында орналасқан. Монастырьда сонымен қатар жел диірмені, карет мен кірпіш шеберханалар кіретін шағын шаруашылық ұйымдастырылған. Монастырь жеке мемлекет сияқты болған. Қауіпсіздік үшін ол ормен және биік шарбақпен қоршалған.Шарбақ ішінде священниктің үйі, ағаш және тастан жасалған (соңғысы Архангел Михаилдің құрметіне) екі храм болатын. Монахинялар әртүрлі іспен айналысатын: егін егу, мал бағу. Монастырь рухани орталық болатын Храмдарда діндар адамдар табынуға келетін иконалар көп болатын. Бұл киелі жерге Қазақстаннан және Ресейден көп адам келетін және әлі де келуде. Монастырь жанында жетім балаларға арналған мектеп болатын. Онда 60 қыз бала тұрған. Қазақстанда көтерілістер басталған кезде игумена Евпраксия енді аз өмір сүретінін сезді. Расында 1921 жылы монастырь настоятельницасы серіктесі екеуі атылды. Олар монастырь аумағында жерленді. Кейін монастырь тоналып кетті. Ғимараттарының бірінде «Труд»социалистик сельхозартелі жайғасты. Сосын «халық жауларының» балалары үшін балалар үйі ашылды. Балалар үйі 60-сыншы жылдарға дейін жұмыс істейтін. С.Н. Виниченконың«Пресногорьковские были» кітабында: «…монастырь ғимараттарының үлкен кешенінен екі қабатты мектептің қабырғалары және священниктің бір қабатты үйі ғана қалды. Сол үйден 33 сажен жерде әдімі Святая Троица хармы болған жерде тек үлкен дөң бар. Храмда 50-ыншы жалдары клуб орналасатын. Шіркеу зиратында есаул Казанның және кінәсіз өлтірілген монахинялардың моласы жатыр. Аймақта бұта мен жас қайыңдар өсіп, әртүрлі құрылыстардан іргетастар қалған. 1897 жылы монастырь салу үшін таңдалған жер өте әдемі – терең алқап, көл мен дарқан орманды дала» деп жызылған.
Ақапар көзі:Лит: Зданович Г.Б., Зданович С.Я. Отчет. Археологические работы в Северо-Казахстанской области в 1966 году. Петропавловск, 1967.
Набоков С.Ф. Отчет об археологической разведке в Северо-Казахстанской области в 1968 году. Отчет. Археологические исследования на территории Северо-Казахстанской области в 1968 году. Петропавловск 1968, с. 95-96.
Зайберт В.Ф., Кисленко А.М., Плешаков А.А. Разведочные обследования археологических памятников Северо-Казахстанской области. Отчет. Археологические исследования в Северо-Казахстанской области в 1988 году. Петропавловск, 1989, т. 1., с. 41.
Плешаков А.А. Раскопки археологического объекта Ак-Ирий. Отчет. Археологические исследования на территории Северного Казахстана в 2004 году. Петропавловск, 2005, с. 5-40.
Отчет. Археологические исследования на территории Северного Казахстана в 2005 году. Петропавловск 2006, с. 8-18.