Жаңалық Редакция таңдауы

Арман Шаққалиев қытайлық компаниялармен келіссөздер жүргізді

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Шанхайға сапары аясында «Shandong Hi-Speed Group» және «Shandong Energy Group» компанияларымен келіссөз жүргізді. Тараптар көмір химиясы және химия өнімдерін өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жолдарын талқылады, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Сауда және интеграция министрі

Кездесуде шикізаттық емес тауарлардың, оның ішінде химия өнеркәсібінің экспортын ұлғайту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы қайта өңделген тауарлардың, атап айтқанда, рапс майының экспортын арттыру бойынша келіссөздер жүргізілді.

Жиын соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сауда және интеграция министрі біздің ел мен Қытай арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін экспорттау бойынша 21 хаттамаға қол қойылғанын хабарладық, бұл АӨК тауарларын Қытайға жеткізуді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына экспорты көлемін кеңейте алады. Тек өсімдік майы мен шрот бойынша ғана экспорттық әлеует 300 млн долларды құрайды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button