Жаңалық
Асатаяқ – қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы.
Асатаяқ - қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы. Тоқылдақ, сылдырмақ, сақпан сияқты сілкілмелі аспаптардың қатарында. Аспапта ойнау тәсілі айтарлықтай қиын емес. Асатаяқты ырғап, сілкіп, шайқап ойнайды. Ертеде бұл асатаяқты бақсылар мен абыздар қобыз, даңғара, дауылпаз сияқты музыкалық аспаптармен қатар науқастан айықтыру мақсатында қолданған. Асатаяқ басына мал басын орнатып, оған темір сақиналар мен салпыншақтар ілген. Бақсылар адамдарды емдеген кезде асатаяқты сілкіп отырып, оларды өздеріне қаратқан. Уақыт өте келе асатаяқ ән-күй әуеніне қосылып, би ырғағын сүйемелдеу үшін кеңінен қолдана бастады.
Асатаяқ – қазақ халқының көнеден келе жатқан музыкалық аспабы. Тоқылдақ, сылдырмақ, сақпан сияқты сілкілмелі аспаптардың қатарында. Аспапта ойнау тәсілі айтарлықтай қиын емес. Асатаяқты ырғап, сілкіп, шайқап ойнайды. Ертеде бұл асатаяқты бақсылар мен абыздар қобыз, даңғара, дауылпаз сияқты музыкалық аспаптармен қатар науқастан айықтыру мақсатында қолданған. Асатаяқ басына мал басын орнатып, оған темір сақиналар мен салпыншақтар ілген. Бақсылар адамдарды емдеген кезде асатаяқты сілкіп отырып, оларды өздеріне қаратқан. Уақыт өте келе асатаяқ ән-күй әуеніне қосылып, би ырғағын сүйемелдеу үшін кеңінен қолдана бастады.