«Ашаршылық. Голод. 1928 - 1934» кітабының 4 һәм 5 томдары таныстырылды
1928-1934 жылдар аралығындағы тарихи және архивтік құжаттардан тұратын «Ашаршылық. Голод. 1928 – 1934» кітабының 4 һәм 5 томдары таныстырылды.
Көптомдыққа осыған дейін құпияда болған, көп айтыла бермеген фактілер мен құжаттар, сол нәубетті көргендердің естеліктері жинақталған. Президентінің тапсырмасына сәйкес кітапты шығару бойынша жұмысты Қазақстан Парламентінің Сенаты ұйымдастырып отыр.
Ашаршылық – ұлт тарихында ойып тұрып орын алатын, ауқымды тақырып. Әлі де толық зерттелмеген тақырыпқа байланысты тың дүниелер табылып, сараланып, ғалымдар мен зерттеушілердің қолынан өтіп, 5 томдық болып жарыққа шықты.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев көптомдықтың Қазақстанда қалыптасқан жағдай, ашаршылықтың факторлары мен себептері, оның алғышарттары мен трагедиялық салдары туралы бірегей мәліметтерді қамтитынын тілге тиек етіп отыр. Тарихи санамыздың қалыптасуы үшін нақты фактілер мен архив деректерінен тұратын бұл еңбектің маңызы зор.
Көптомдықтар кітапханалар мен ЖОО-дарына таратылмақ.