Жаңалық Редакция таңдауы

Әскерге шақырылған азаматтардың 80% борышын өтемейді

2021 жылы 18 бен 27 жас аралығындағы қазақстандықтардың 19,4 пайызы ғана отан алдындағы борышын өтеуге аттанған, ал әскерге шақырылған азаматтардың 80,6 пайызы бармаған.

Жалпы, Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 2017-2021 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы бойынша әскер қатарына шақырылғандардың 15,7 пайызы ғана қатардағы жауынгер атанған.

Ресми деректерге қарасақ, соңғы бес жылда әскери қызметке шақырылғандар саны 277 мыңнан 165 мыңға дейін қысқарған.

Орташа есеппен 23 мыңнан астам өтініш беруші денсаулық жағдайына байланысты әскерге бармайды. Жылына орта есеппен барлық әскерге шақырылушылардың шамамен 73% -ы шақыртуды заңды түрде кейінге қалдырады немесе қызметтен бас тартады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button