Қостанай облысы
Аспантай абыз әулие Қалдарұлы жерленген жері
Нысан мерзімі: XVIII ғасыр.
Нысанның орналаскан жері: Ұзынкөл ауданы, Фёдоров ауылынан 4,5 шақырым жерде.
Аспантай әулие қыпшақ тайпасының күрлеуіт руынан шыққан тарихи және діни тұлға екендігі де баршаға мәлім. Балалық шағы Бұхарада өтеді, әкесі Қалдардың туған ағасы Нияз әмірдің отбасында тәрбие алады. Бұхар медресесінде, жер асты мектебіне оқығанда емшілік-тәуіптік қасиеті қонған.Аспантай көптеген күрлеуіт руымен бірге қазақ даласына оралып, Есіл өзенінің жағасында Қараөткел жерінде тұрған.
Әулиені кұрмет тұтқан, оның аруағына сиынған жамағат күні бүгінге дейін оның басына түнеп, жаратқаннан тілек тілейді. Аспантай әулиенің жерленген жерімен байланысты аңыздар ұрпақтан ұрпаққа жетіп мәңгі халық жадында қалды.