Жаңалық

«Астана Балет» театрына онлайн экскурсия жасаңыз

«Астана Балет» театры Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен театр мен оның тарихы жайлы онлайн-экскурсия топтамасын шығарды.

«OnStage/Online» деп аталатын жоба осы заңғар өнердің қалыптасу тарихы, оның этикасы, көрермендері мен бастау бұлағында тұрған жандар жайлы баяндап береді. Сонымен қатар, театрдың жетекші солисті Дилара Шомаева, шақырылған қонақтармен бірге, театр репертуарындағы спектакльдердің құпия белгілері мен мазмұнының сырын ашады.

10-мамырда шыққан алғашқы хабар театр тарихына арналды. Мыңдаған жыл ішінде сахнаның қаншалықты өзгеріске ұшырағаны және оның қазіргі күйі сөз болды. Хабардың қонағы «Астана Балет» театрының жетекші солисті Дарина Қайрашевамен сұхбат барысында, отандық хореограф Мукарам Авахридің «Саломея» бір актілі балетінің көкемдік безендірілу ерекшілігі мен хореографиясы жайлы әңгіме қозғалды.

22-мамыр, сағат 20:00 көрсетілетін екінші хабардың қонағы – «Астана Балет» театрының қоюшы-хореографы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Тәти болмақ. Сұхбат барысында, театрдағы ұлттық нақыштағы дүниелер жайлы, жалпы, қазақ биінің болашағы жайлы сөз қозғалмақ. Сонымен бірге, көрермен қауым көне заманнан осы күнге дейінгі ұлттық хореографияның тарихинан құлағдар бола алады.

29-мамыр, сағат 20:00 көрсетілетін үшінші хабарда театрға бару дәстүрі сөз болмақ. Яғни, б.з.д. 5 ғасырдағы ережелер мен қазіргі кезде қалыптасқан тәртіп, сонымен бірге, өзге де дүниелер айналасында әңгіме өрбиді. Хабар қонағы – «Астана Балет» театрының хореографы Рикардо Амарантемен бірге, оның бірегей қойылымдарының атмосферасына еніп, жалпы, балет шығару үрдісінің нюанстары жайлы айтылады.

Экскурсиялар «Астана Балет» театрының ресми Youtube-арнасында көрсетілмек. Платформадан жаңа шығарылымдар жайлы хабарлама алу үшін театрдың ресми арнасына тіркеліп, я болмаса, әлеуметтік желілерде көрсетілген сілтеме бойынша өту керек.

«Астана Балет» театрының PR қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button