Жаңалық Редакция таңдауы

Елордада көшелерді тазартуға 700-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды

Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді, сондай-ақ қар тазалау бағыттарын түзетеді, деп хабарлайды Ruh.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Егемен Қазақстан

Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай - ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кіреберіс жолдар және т. б. қардан тазартылады.

Қыс мезгілі басталған уақыттан бері 800 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Қазгидрометтің мәліметінше, елордада жауын-шашынмен қар жауады, желдің екпіні 20 м/с-тан асады.

Автокөлік жүргізушілерінен жолда мұқият болуды, жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button