Жаңалық Редакция таңдауы

Астана мектептері жаңа оқу жылына қаншалықты дайын?

Оқу орындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басым мәселелердің бірі болып саналады. Бүгінгі таңда Астананың барлық білім беру ұйымы автоматты өрт дабылы жүйесіне қосылған, сондай-ақ цифрлық бейнебақылаумен қамтамасыз етілген.

Бұл туралы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың білім беру мекемелерінде орнатылған камералар мен дабыл түймелері толықтай Қоғамдық қауіпсіздік бақылау жүйесіне қосылған. Цифрлық бейнебақылаумен қамтамасыз ету 100% құрайды.

«Білім беру нысандарында күзетті толықтай 1 санатты лицензиясы бар ұйымдар қамтамасыз етеді. Сондай-ақ барлық нысанда 100% турникет орнатылған», – деді спикер.

Білім басқармасының мәліметінше, 2023 жылы 49 нысанда жөндеу жүргізіліп жатыр, оның ішінде:

– күрделі жөндеу – 9 нысан (7 мектеп, 1 балабақша, 1 колледж);
– ағымдағы жөндеу – 40 нысан (5 мектеп, 31 балабақша, 1 колледж және Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, МО және РЦ2).

«Мердігерлермен шарттар жасалды, жөндеу жұмысы кестеге сәйкес жүргізілуде, аяқталу мерзімі – осы жылдың 20 тамызына дейін. №1 орта мектептің жөндеу жұмысы 30 қыркүйекте аяқталады, бұл жұмыс оқуға әсер етпейді», – деп түсіндірді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, 2023 жылы екі ауысымда 16 600 орындық 11 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Оқу жылы басталғанға дейін екі ауысымда 4800 орындық 3 мектеп іске қосылады:

1) Ұлы Дала және Сауран даңғылы мектебі, 1200 орындық (тамыз).

2) Нұрлы жол көшесіндегі №44 мектепке қосымша нысан, 600 орындық (тамыз).

3) Сауран көшесі 5/1 мекенжайындағы №59 мектепке қосымша, 600-ге (тамыз).

Жыл соңына дейін екі ауысымда 11 800 орындық 8 мектеп (4 мектеп, 4 қосымша) пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада 88 800 орынға арналған 24 мектеп салынады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button