Жаңалық
Редакция таңдауы
«Астана Опера» солисі «Большая опера» тележобасының жеңімпазы атанды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
«Астана Опера» театрының жас солисі Дінмұхамед Көшкінбаев кәсіби опера әншілерінің «Большая опера» халықаралық телевизиялық жобасында жеңіске жетті, деп хабарлайды Ruh.kz.
Оған Беларусь, Армения, Өзбекстан мен Ресейден әншілер қатысты.
Дінмұхамед Көшкінбаев – ASTANA OPERA Халықаралық опера академиясының түлегі, Бибігүл Төлегенова байқауының бас жүлде иегері, Ева Мартон танымал халықаралық вокалистер байқауының (Венгрия) финалисі.
Қараша айында әншінің жеңістер қазынасы тағы бір мәртебелі марапатпен толықты: орындаушы «Opera Crown Tbilisi» халықаралық вокалдық байқауында үшінші орынды иеленіп, арнайы жүлдесін алды.