Жаңалық
Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

Фото: Астана әкімдігі
Ауа райының күрт суытуына байланысты 2023 жылғы 8 желтоқсанда бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Ruh.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 8 желтоқсан күні ауа температурасы 29 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.
Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз.