Жаңалық
Астанада Дэвис кубогынан кейін жанкүйерлер залдағы қоқысты жинады

Фото: Астана әкімдігі
Теннистен Дэвис Кубогының матчынан кейін жанкүйерлер Beeline Arena-дағы қоқысты жинауға қалды. Жанкүйер мәдениеті – спортшыларды қолдау ғана емес, басқаларға деген құрмет, деп хабарлайды Ruh.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Біз теннистен ләззат алу үшін келдік, бірақ неліктен өзімізден кейін таза етіп қалдырмасқа? Бұл қалаға, ұйымдастырушыларға, өзімізге деген құрмет», - деді акцияға қатысушылардың бірі.
Мұндай бастама Астанада танымал болып келеді.
Дэвис кубогы – Қазақстан құрамасы тұрақты қатысатын ерлер арасындағы ірі халықаралық командалық теннис жарысы.