Жаңалық Редакция таңдауы

Астанада гепатитпен күрес қалай жүріп жатыр?

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласы Гепатология орталығының басшысы Күнсұлу Шамсивалиева гепатитке қарсы күрес қалай жүріп жатқаны туралы мәлім етті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласында 2023 жылдың жартыжылдығының қорытындысы бойынша созылмалы вирустық гепатиттер, бауыр циррозы, бауыр трансплантациясы ем-шараларынан өткен 7563 пациент есепте тұр.

«2012-2022 жылдар аралығында созылмалы С гепатиті бар 5025 пациент вирусқа қарсы терапия қабылдады. Соның ішінде 2022 жылы 483 пациент ем алды. Небәрі 10 жыл ішінде созылмалы вирустық В гепатитіне шалдыққан 1208 пациент емдеуге алынып, олардың 635-і вирусқа қарсы терапияны жалғастыруда», – дейді Күнсұлу Шамсивалиева.

Ол өз сөзінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше денсаулық сақтау секторының алға қойған жаһандық стратегиясы – вирустық гепатиттерді жою және денсаулық сақтау қызметтерінің жалпыға бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету екенін мәлім етті.

Бұл стратегия ең кең таралған гепатиттық вирустармен (A, B, C, D, E) сондай-ақ, қоғам қауіпсіздігі үшін аса маңызды В және С гепатитінің созылмалы түрлерімен күресуге бағытталған. В және С гепатиттерінің созылмалы түрлері емделмеген жағдайда, цирроз бен бауыр қатерлі ісігінің дамуына әкеледі.

«ДДҰ Қазақстанды Орталық Азия мен ТМД-да гепатитке қарсы күрес бағдарламаларын орындауда көшбасшылардың бірі деп таниды. Елімізде вирустық гепатиттердің алдын алу жұмысы кешенді түрде жүзеге асырылады. Яғни, ең алдымен вирус көздеріне, таралу жолдары мен факторларына, инфекция жұқтыруға бейім халыққа көмек көрсетіледі», – дейді Гепатология орталығының басшысы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button