Жаңалық

Астанада интернет алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр?

Фото: gov.kz

Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық тіркелді, оның 730-ы ашылып, сот органдарына жіберілді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Дастан Қалиев мәлім етті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Оның айтуынша жалпы алғанда, 120-дан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, ал басқа да фактілер бойынша тергеу әрекеттері жалғасуда.

«Халық арасында қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында біз қала өмірінің әртүрлі салаларында дәріс сабақтарын өткіземіз, онда алаяқтар пайдаланатын әдістер мен тәсілдер егжей-тегжейлі ашылады, сондай-ақ негізгі сақтық шаралары жеткізіледі.

Сол сияқты адамдар көп шоғырланатын жерлерде профилактикалық сипаттағы үгіт-насихаттау жұмыстары жүргізіледі, жадынамалар мен буклеттер және аудио-бейне материалдар таратылады», - дейді Дастан Қалиев.

Спикер өз сөзінде алаяқтардың негізгі қолданылатын әдістерін айтып өтті. Олар:

- Банктердің немесе құқық қорғау органдарының қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің атынан қоңыраулар – бұл әдісті алаяқтар күмәнді банктік транзакциялар немесе алаяқтарды ұстау мақсатында арнайы операциялар жүргізу сылтауымен жаңылыстыру үшін пайдаланады.

- Онлайн сатып алу – бұл әдісті алаяқтар әртүрлі сауда алаңдарында және әлеуметтік желілерде жоқ тауарлар мен қызметтерді сату кезінде пайдаланады.

- Фишингтік сайттарды пайдалану –алаяқтықтың бұл түрі дербес деректер мен банктік мәліметтерді жинауға бағытталған. Мұндай сайттар мен платформалар шынайы сайттарға ұқсас болуы мүмкін.

- Инвестициялық жобалар – әдіс бағалы қағаздар мен криптовалютаға тиімді инвестициялармен байланысты. Қаскүнемдер сайттар жасап, онда платформалар ойдан шығарылған сауда-саттық өткізіледі, толықтырулар мен кірістер туралы мәліметтер көрсетіледі.

- What'sApp мессенджерінің аккаунтына заңсыз кіру – бұл үшін алаяқтар зиянды сілтемені пайдаланады, сосын ол сіздің таныстарыңыздан келіп түседі, ол арқылы алаяқтар сіздің аккаунтыңызға өтеді. Содан кейін олар сіздің атыңыздан барлық контактілерге ақша қаражатын қарызға беруді сұрап, өздері ұсынған банктік шоттарға жіберуді өтінеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button