Жаңалық Редакция таңдауы

Астанада Jastar Fest фестивалі өтеді

12 тамызда атап өтілетін Халықаралық Жастар күніне орай Астанада Jastar Fest фестивалі өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Фото: әкімдік сайтынан

Jastar Fest 11 тамыз күні кешкі сағат 19:00-де Есіл жағалауындағы амфитеатрда басталады. Іс-шараны елорда әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО ұйымдастырады.

Жоба жастардың өнер мен мәдениетке деген қызығушылығын ынталандыруға, ұлттық және азаматтық сана-сезімді, патриотизмді арттыруға, өскелең ұрпақтың белсенді өмірлік және азаматтық ұстанымын дамытуға, жастардың қоғамдық маңызы бар бастамаларын қолдауға және іске асыруға бағытталған.

Фестиваль аясында танымал тұлғалар өз тәжірибелерімен бөліседі, сондай-ақ эстрада мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, сыйлықтары бар шағын конкурстар өтеді, іс-шара соңында байқаудың Instagram жеңімпаздарын жариялайды.

Jastar Fest жастардың кең аудиториясын ынталандыра түседі деп күтіліп отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button