Жаңалық

Астанада «Mümkındıkter alañy» жастар форумы өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тәуелсіздік жылдары жетістікке жеткен жастарды насихаттау мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Fenomen jas» жобасы аясында Астанада «Mümkındıkter alañy» атты форум өтті, деп хабарлайды Ruh.kz.

Жобаның мақсаты – қоғамның дамуына үлес қосып жүрген талантты адамдарды ынталандыру және насихаттау, жастарға үлгі боларлық рөлдік модель қалыптастыру, қазақстандық жастарды мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға тарту.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ өкілдері және белсенді жастар қатысты.

Форум барысында «Fenomen jas» жобасының қатысушылары тәжірибелерін және жетістікке жету құпияларын бөлісті.

Сондай-ақ «Uly dala saryny» сыйлығының қорытындысы шығарылып, үздік жастар мен жастар ұйымдарын марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар табысталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button