Жаңалық Редакция таңдауы

Астанада Олимпиада ойындарының чемпиондарын қалай дайындайды

Астанадан ірі халықаралық турнирлерде, соның ішінде Олимпиада ойындарында Қазақстанның атынан қатысатын спортшыларды даярлау туралы Астана коммуникациялар қызметінде өткен брифингте олимпиадалық резерв дайындау орталығының басшысы Дастан Қанатқанов айтып берді, деп хабарлайды Ruh.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Астана әкімдігі

Орталық жұмысының негізгі мақсаты – олимпиадалық циклде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге қабілетті жастар мен жасөспірімдер спортшыларын – қала мен елдің құрама командаларына кандидаттарды жыл бойы орталықтандырылған даярлауды ұйымдастыру және өткізу.

Орталықта спорттың 23 түрі бойынша спортшыларды даярлау белсенді жүргізілуде. Оның ішінде 19 жазғы олимпиадалық, 3 қысқы олимпиадалық спорт түрлері және паралимпиадалық спорт түрлері (жүзу, грек-рим күресі, үстел теннисі және жеңіл атлетика) бөлімі.

2006-2023 жылдар аралығында Астана қаласының Олимпиадалық резерв даярлау орталығы Олимпиада ойындарының, Әлем Чемпионатының, Азия ойындары мен Азия Чемпионаттарының чемпиондары, жүлдегерлері мен қатысушыларының үлкен тобын дайындады, мысалы: 4-жүлдегер және 19 Олимпиада ойындарының қатысушысы, 39 жүлдегер және 20 Әлем чемпионатының қатысушылары (ересектер, жастар,жасөспірімдер), Азия Ойындарының 33 жүлдегері, 2023 жылы Қытайдағы жазғы Азия Ойындарында синхронды жүзуден спортшылар 3-ші орын алды,- деді спикер.

Бүгінгі таңда орталықта 220 спортшы бар. Орталықтың контингенті үш жас санаты бойынша спорт түрлерінен ауыспалы құрамға ие. Бұл спортшылар жеткіншіктер, жасөспірімдер және жастар құрамын қамтиды. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында 161 спортшы бар, оның ішінде: 59-ы жеткіншектермен жасөспірімдер құрамында болса, 68-і жастар құрамында және 34-і негізгі құрамда.

Жылдан жылға спортшылардың спорттық көрсеткіштері жақсарып келеді.

2023 жылдың 1 қазанына орталықтың спортшылары түрлі сынамалардан 504-тен астам медаль жеңіп алды. Республикалық жарыстарда спортшылар халықаралық жарыстарда 386 медаль және 118 медаль жеңіп алды. Осы кезеңдегі жарқын спорттық жетістіктердің ішінде әлем чемпионатында боксшы – Ташкенбай Санжардың жеңісін, Қазақстан тарихында тұңғыш рет синхронды жүзуден әлем чемпионатында қола жүлдегер – Ким Эдуардтың, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионы – Орманов Абылайханның, Азия чемпионатында еркін жаттығуларда спорттық гимнастикадан күміс жүлдегер Потанин Дмитрийді жетістігін атап өтуге болады, – деді орталық басшысы.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button