Жаңалық Редакция таңдауы

Астанада өнер мектебі – ЮНЕСКО клубының көрмесі ашылды

Елордада Республика күніне орай өнер мектебі – ЮНЕСКО клубының көрмесі жұмысын бастады, деп хабарлайды Ruh.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: Астана әкімдігі

Көрмеге студенттердің бейнелеу өнерінің түрлі әдістерімен салған 40 картинасы қойылды. Жас студенттер Қазақстан табиғаты, Отанға деген сүйіспеншілік, этностар арасындағы достық және өзара түсіністік тақырыптарында картиналарын ұсынды.

Биыл қалалық балалар өнер мектебіне 40 жыл толды. Бұл өнер мектебі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы және елорданың Достық үйі арасында ұйымдастырылған алғашқы іс-шара емес. Алдағы уақытта балалар мен жасөспірімдердің өнері мен шығармашылығына негізделген көптеген бірлескен жобалар жоспарланып отыр, – деп бөлісті Астанадағы балалар өнер мектебі – ЮНЕСКО клубының баспасөз қызметі.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ және Астана қаласының «Балалар өнер мектебі – ЮНЕСКО» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button