Жаңалық Редакция таңдауы

Астанада «Көркем сөз оқу шеберлері» сайысы өтті

Елорданың 25 жылдық мерей-тойына орай Астана қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қазақстан жазушылар одағы Астана филиалы бірлесе ұйымдастырылған қазақ тілін дамыту бағытындағы «Көркем сөз оқу шеберлері» сайысы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – тұрғындардың шығармашылық деңгейін шыңдап, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Жобаның алғашқы іріктеу кезеңі онлайн түрде өтті.

Сайысқа барлығы 100-ге жуық өтінім келіп түсті. Оның ішінен қорытынды кезеңге  8 қатысушы іріктеліп алынды. Олар байқаудың ережесінде бекітілгендей алғашқы туындыларын ел жүрегі Астанаға арнады, ал екіншісі еркін тақырыпта болды. «Қаламгерлер аллеясында» өткен кешке қалың көрермен жиналды. Жұртшылық назарына сайыстан бөлек концерттік бағдарлама да қойылды.

Екі кезеңнен тұрған сайыста әділ қазылар алқасының шешімімен:

Бас Жүлде – Ақелік Мұрат 300 мың теңге

1 орын – Бекзат Құлшар 200 мың теңге

2 орын – Шұғыла Ермекова 150 мың теңге

3 орын – Алмагүл Тастанова 100 мың теңге

Қалған қатысушыларға арнайы жүлде 50 мың теңге соммасында сертификат табысталды.

Қазақ тілінің таза, тұнық қайталанбас ерекше тіл екенін сезіндіру мақстаныда өткен бұл жоба жоғары деңгейде бағаланды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button