Жаңалық

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін марапаттау рәсімі өтті

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Тәуелсіздік сарайында Республика күніне арналған салтанатты жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері марапатталды, деп хабарлайды Ruh.kz.

Этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ҚХА мүшелеріне мемлекеттік және қоғамдық марапаттар табыс етілді.

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ ҚХА этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық құрылымдарының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің этносаралық қатынастарды дамыту мен қоғамдағы үйлесімділікті сақтаудағы еңбегін бағалауда маңызды қадам болды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button