Жаңалық Редакция таңдауы

Астанада Қазақстан Құрылыс саласының форумы өтеді

2023 жылғы 27 қазанда Астанада «Құрылыс кодексі – болашақтың құрылысы» тақырыбындағы Қазақстанның Құрылыс саласының форумы өтеді, деп хабарлайды Ruh.kz.

Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Шараға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері, «Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АО-ның бас директоры Бегман Кульбаев, сонымен қатар құрылыс саласының жетекші мамандары мен сарапшылары, мемлекеттік органдар мен реттеушілердің өкілдері, сондай-ақ жетекші құрылыс салушылар мен құрылыс материалдарын өндірушілер қатысады.

Форумның негізгі тақырыптары:

  • Жаңа кодекс – жаңа мүмкіндіктер. Құрылыстағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру.
  • Өзін-өзі реттейтін ұйымдардың реттеуді жетілдірудегі рөлі.
  • Құрылыс сапасы бірінші кезектегі міндет ретінде.
  • Қоғамдық бақылау. Ашықтық-жариялылық-заңдылық.

Панельдік пікірталас тақырыптары:

  • СРО институтын дамыту
  • ИТР институтын жетілдіру
  • Рұқсат беру жүйесі
  • Қазіргі құрылыс индустриясындағы сараптама рөлі
  • Сараптама жүргізу мерзімдерінің құрылыс құны мен мерзімдеріне әсері
  • Құрылыста FIDIC келісімшарт нысанын қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері
  • FIDIC келісімшарттарын қолдану кезіндегі Тараптардың рөлі мен жауапкершілігі
  • FIDIC келісімшарттарының нысандарын ұлттық заңнаманың ерекшеліктеріне бейімдеу.

Форумның өтетін орны – Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А.

Қосымша ақпарат алу үшін – Тоқтаров Б. тел.+7 775 5339900.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button